Министр Дәленов жастардың отбасы құрмауына экономиканың да әсері барын жеткізді

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов есептік кездесуінде жастардың отбасы құруға асықпауына экономиканың да әсері барын жеткізді, деп хабарлайды «Тілші».

Залдан сауал қойғандардың бірі қатарының шаңырақ көтермеуіне экономиканың катысының бар-жоғын сұраған болатын. Руслан Дәленов экономиканың бүкіл салаға ықпалы бар екенін жеткізді.

«Жылына 140 мың неке қиылады екен, ал ажырасу саны 55 мың. Қазір некеге отырып жатқандар санының аз болуы 90-шы жылдардағы демография ахуалына байланысты. Ал, екі мыңыншы жылдары болған бейби-бум 5-6 жылдан кейін жемісін беру керек» , – деді министр.

Руслан Дәленов жастардың көбіне күз мезгілінде бас қосатынын айтты.

«Қараша айында 13,5 мың неке, ақпан айында 8,5 мың неке қиылады», – деді ол.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған