InternetCA-2019 форумы сөз бостандығы, цифрлық қауіпсіздік тақырыбын қозғамақ

Алматыда 30-31 мамырда “InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” атты форум өтеді. Оныншы рет ұйымдастырылатын форумда ақпарат құралдарының қоғамның дамуына тигізер әсері, сөз бостандығы, желідегі жалған ақпараттар, цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді сақтау, киберкеңістіктегі цифрлық тазалық, фактчекинг, аудиторияның фейк жаңалықтарды ажыратуы, медиадағы ксенофобия мен өшпенділік тілі тақырыптары қозғалады.

Жиында ақпарат құралдарының 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауы мен одан кейінгі қоғамдағы рөлі де талқыланады.

Форумды MediaNet халықаралық журналистика орталығы ұйымдастырады. Шараға Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және Конрад Аденауэр атындағы қор демеушілік етпек. Форумға Германия, Сингапур, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстаннан келген сарапшылар қатысады.

Он жыл ішінде форум 20 мемлекеттен 1700-ге жуық сарапшының, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер өкілдерінің, журналистер, блогерлер, ғалымдар, депутаттар, дипломаттар, елшілер және заңгерлердің басын қосты.

azattyq.org 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған