Михаил Дорофеев қарағандылық баспасөз хатшыларына шеберлік дәріс өткізді

Қарағанды облысының басқармалары мен әкімдіктерінің баспасөз хатшыларына даулы мәселелерден қалай құтылуға болады, БАҚ және халықпен дұрыс қатынасты қалай орнату әрі жағымды беделді қалай жасау керектігі туралы баяндалды.

Тренингті Informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталының бас редакторы, PR маманы Михаил Дорофеев өткізді.

Семинардың басты мақсаты – атқарушы билік пен БАҚ өкілдерінің өзара қарым-қатынасын жақсарту. Баспасөз хатшыларына журналистермен тіл табысуды үйрету және PR-стратегияны сауатты құру үшін Михаил Дорофеев екі тарапқа да пайдалы уәждемелер туралы айтты.

«Журналистер мен баспасөз хатшылардың негізгі қызығушылықтары бірдей. Екі жақты да ақпараттың шығуы қызықтырады. Кез келген жаңалық, кез келген сұхбатқа тапсырыс – бұл назар аударудың бір түрі, жақсы мүмкіндік», – дейді ол.

Маманның сөзінше, кез келген даулы мәселені алдын ала біліп, барынша оны жеңілдетуге немесе мүлдеу болдырмауға болады. Дегенмен, ол баспасөз хатшыларын антикристік жоспар құрып қоюға шақырды. Михаил Дорофеев семинарлы осы жоспарды қалай дұрыс құру керек және неге басты назар аударылуы керектігі туралы айтты.

«Кризистік жағдай орын алғанда баспасөз хатшыларының іс-әрекеттерінде екі негізгі қателік бар: тым селқостық және тым белсенділік. Бізде мұның екіншісі сирек кездеседі. Ал селқостық – «жақынарада бұл ұмытылады», «ақталсақ біз кінәліміз» деген ойлармен жағдайды жауып тастауды біз үнемі көреміз , – деп түсіндірді ол.

Журналист орталық саябақта теннис кортын салуға қатысты жағдайда қарағандылық мамандардың даулы мәселеден лайықты әрекет жасағандарын атап өтті.

Еске салайық, ол кезде облыс әкімі Ерлан Қошанов қоғамдық пікірді қолдап, қаланың орталық саябағында спорткешенін салуға тыйым салды. Құрылыс кейінгі шегерілді, болашақ корт үшін орын ашық қоғамдық тыңдаулар кезінде таңдалатын болады.

Семинарда сондай-ақ ақпараттық желеу іздеу, жаңалықтарды дұрыс жеткізу мен PR-стратегияны құру туралы мәселерерде талқыланды.

Барлығы тренингке облыс бойынша 50 астам баспасөз хатшы қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған