Идеологиялық маңызы бар шараларға мемлекеттік қызметтегілерді күштеп әкеліп тығу сәнге айналды

Өзін Шапағат Садық деп таныстырған мәдениет саласының қызметкері (Ақтөбе қ.) ой қозғайды:

– Саябақтарда, мәдениет үйлерінде, мәдени орталықтарда қойылатын, мемлекеттік бағдарламаға бекітілген концерттік кештерде көрермен жинау, зал толтыру, көрермен тарту – үлкен мәселеге айналып кеткелі қашан…

Дәл осындай мәселе – кітапхананың да басты проблемасы. Зәулім сарайдай кітапханаларға бас сұқсаңыз, құлақ тұнған тыныштыққа тап боласыз. Бірен-саран тақасы тақылдап студенттер, ақсақал-қарасақал оқырмандар болмаса, адам көрсе қуанатын кітапханалардың неге оқырмандары аз?

Әйтеуір, мерекелік, болмаса идеологиялық маңызы бар отырыстарға оқушылар мен мемлекеттік қызметтегілерді үйірімен әкеліп тығып ұстап, тырп еткізбей шараға қатыстыру – үйреншікті жайтқа айналды. Сонда ерікті оқырман мен көрермен неге жоқ?

фото: 2ГИС

Толығырақ Tilshi.kz сайтының «Ақылы контент» жобасында.

http://tilshi.kz/archives/12808

Жобаның алғашқы материалдар легі бүгінде алғашқы 7 жазылушыға жолданды. Жазылушылар қатары көбейсе, авторлар қатарын да арттырғымыз келеді. Өзекті мәселе, құнды пікір, эксклюзив дүниелер ұсынуға дайынбыз!

Ізгі ниетпен, Tilshi.kz командасы!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған