Ерекшелігі бар жандарды қоғам құшақ жая қарсы ала ма? Тумысынан бір қолы қысқа америкалық әнші «Тілшімен» тілдесті

Өкінішке қарай, арамыздағы түрлі ерекшелігі бар жандарды әлі қоғам құшақ жая қарсы ала қойған жоқ. Сондықтан ел ішінде “инклюзивті қоғам” түсінігін қалыптастырып, құрып, дамыту үшін біраз жылдардың қажет екендігі анық.

Аталған мәселе батыс елдерінде біршама жолға қойылған. Ол туралы Ақтөбеге концерттік бағдарламамен келген америкалық музыкалық топтың мүшесі, әнші, музыкант, бірнеше әндердің авторы – Тони Меммель «Тілшіге» айтып берді.

Тони тумысынан сол қолының қысқалығымен ерекшеленеді. Бірақ ол ерекшелік әнші үшін кедергі емес. Ол гитарада ойнап, ән шырқайды.

«Ерте жастан ата-анам өзіме сенімді болуға және түрлі жағдайға дайын болып, әр саладан өзімді байқап көруге шақырды. Сонымен қатар, олар мені өзгелерге мейіріммен, құрметпен қарауға үйретті», – дейді әнші.

(фото: АҚШ елшілігі)

Толығырақ Tilshi.kz сайтының «Ақылы контент» жобасында.

http://tilshi.kz/archives/12808

Жобаның алғашқы материалдар легі бүгінде алғашқы 7 жазылушыға жолданды. Жазылушылар қатары көбейсе, авторлар қатарын да арттырғымыз келеді. Өзекті мәселе, құнды пікір, эксклюзив дүниелер ұсынуға дайынбыз!

Ізгі ниетпен, Tilshi.kz командасы!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған