Ақтөбе билігі Жаманшыңның тоналып жатқанын біле ме? Алып кратерге туристер емес, көрші елден геологтар ағылуда

Ақтөбе облысында ішкі туризм дамымаған. Рас, қағаз жүзінде барлығы керемет болуы мүмкін. Жергілікті билік Жаманшың кратерінің тоналып жатқанын біле ме екен? Бүгінде Ырғыз ауданындағы алып шұңқырға туристерден гөрі, өзге елден геолог мамандар жиі келеді екен.

Ішкі туризмді сөз қылғанда инфрақұрылым туралы ауыз толтырып айтып жатады. Іске келгенде, түк жоқ. Ақша бар шығар, ниет жоқ!

Айтпақшы, Ырғыздағы Жаманшың кратерінің тарихына қысқаша тоқталсақ. Ғалымдардың болжамы бойынша, осыдан 700 мың жыл бұрын осы өлкеге алып метеорит түскен. Сол он мыңдаған мегатонна бомбаның қуатындай жарылыстан тереңдігі 700 м, диаметрі 5,5 шақырымға созылатын шұңқыр пайда болған.

Жарылыс төңірегіндегі қысым жүздеген килобарға, температура бірнеше мың градусқа жеткен. Осының нәтижесінде импактит, тектит (иргизит) жыныстары пайда болған. Ал иргизит қазір аса бағалы тастардың біріне айналды. Оның 0,6 граммы 50 000 теңге тұрады.

Толығырақ Tilshi.kz сайтының «Ақылы контент» жобасында.

http://tilshi.kz/archives/12808

Айтпақшы, жобаның алғашқы материалдар легі бүгінде алғашқы 7 жазылушыға жолданды. Жазылушылар қатары көбейсе, авторлар қатарын да арттырғымыз келеді. Өзекті мәселе, құнды пікір, эксклюзив дүниелер ұсынуға дайынбыз!

Ізгі ниетпен, Tilshi.kz командасы!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған