«Ақылы контент»: Tilshi.kz сайтының жаңа жобасы туралы

Сәлем, «Тілші» оқырманы!

Біздің жаңалығымыз бар. Tilshi.kz жаңа форматта жұмыс істемек. Күнделікті жаңалықтар лентасынан өзге, «Ақылы контент» ұсынбақпыз.

Аптасына 8-10 эксклюзивті материал (сұхбат, сарапшы пікірі, еш жерде жарияланбаған ақпарат, т.б.) жеке поштаңызға жеткізіледі.

«Тілші» – еркін журналистиканың дамуына мүдделі ақпарат құралы. Сайтта қандай материал жариялану керектігін мәртебелі оқырман шешеді.

Инстаграмдағы парақшамызда (@tilshi.kz) ұсыныстарыңызды қалдырыңыз, ішінен аптасына бірнеше тақырыпты таңдап, сол бойынша материал әзірлеуге дайынбыз.

«Тілші» – мемлекеттік БАҚ емес. Мемлекеттік тапсырыс алмайды. Биліктің ақпарат құралдары секілді бізге ешкім мәжбүрлеп жаздыртпайды. Айлығыңыздан ұстап қалмайды. Жазылмасаңыз оқудан не жұмыстан қудаламайды. Барлығы ерікті түрде.

Егер «Тілшіні» қолдаймын десеңіз, жаңа бастама жөнінде жақындарыңызды да хабардар ете жүріңіз. Материалдар оқырманға жеке пошта, direct, whatsapp, viber, telegram, т.б. жолдармен жеткізіледі.

«Тілші» – еркін журналистер тобының бастамасы. Тәуелсіз БАҚ-ты бірге жасайық!

Анықтама үшін: +7 778 523 44 96

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған