Балабақша тәрбиешісі балалардың аузына скотч жапсырған — TilshiNews

Балабақша тәрбиешісі балалардың аузына скотч жапсырған

Қаламыздағы балабақшалардың бірінде тәрбиеші бүлдіршіндердің аузын скотчпен жапқан. Ата-аналарға бұл туралы балалары айтып берген, деп хабарлайды «Рика» арнасы.
Ата-аналар ғаламторға жүктеп үлгерген бұл әуесқой бейнежазбадан балалардың өз тәрбиешілері туралы сұрақтарға жауап беріп жатқанын аңғаруға болады. Бұл жайттан хабардар болған қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева (фотода) мәселенің анық-қанығын білу мақсатында бүгін бақшаға арнайы құрылған комиссия мүшелерімен бірге келді.
Ата-аналар кінәлаған тәрбиешіні сұрақтың астына алды. Балалар түскі ұйқыда болғандықтан олардан өз тәрбиешілеріне қатысты жауап алу мүмкін болмады. Мектепке дейінгі гимназия меңгерушісі Света Қосыбаева болса өз қарамағындағы қызметкерін жамандыққа қимайды.
Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева мәселенің мән-жайын анықтауға уәде берді. Бұл жағдайға қатысты алдағы уақытта шешім шығатынын айтты. Ғаламторда жария болған бейнежазбадан бөлек, қаланың бас ұстазы балабақшаның ішіне тарай бастаған кәріз иісіне қатысты да ескерту жасады.
Видеоны мына сілтеме арқылы қарауға болады: «Рика ТВ»
фото: diapazon.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *