Алтай Республикасының тумасы Мәскеуде өткен қазақ әндері байқауында жеңімпаз атанды — TilshiNews

Алтай Республикасының тумасы Мәскеуде өткен қазақ әндері байқауында жеңімпаз атанды

20 қараша күні Мәскеуде жастар арасында ІІІ «Алтын күз» қазақ әндері байқауы өтті. Шара қазақтың музыка өнерін, жастар арасында достық пен бауырластық құндылықтарын насихаттауға, Ресей мен Қазақстан халықтары арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Фестивальді мәскеулік «Мұрагер» қазақ мәдениеті қоғамы және «Қазақ диаспорасы» қоры өткізді, оған Қазақстан және Ресей елшіліктері, Еуразиялық экономикалық комиссия тәрізді ұйымдар қолдау көрсетті.

Іріктеу турының нәтижелері бойынша ақтық сынға өткендер арасында алтайлық Азамат та болды. Онда 15 ресейлік және қазақстандық бақтарын сынады.

Байқау қорытындысы бойынша оның жеңімпазы 20 жасар Алтай Республикасының тумасы Азамат Есімов атанды. Ол 1995 жылы Алтай Республикасының Кош-Агач ауданының Жана-Аул ауылында туған. Бұдан бұрын да бірқатар байқауларға қатысқан.

inform.kz

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған