Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мен оның ұлы өз еркімен қызметтерінен кетті — TilshiNews

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары мен оның ұлы өз еркімен қызметтерінен кетті

Ақтөбе облысы әкімі орынбасарының ұлы мен келіні осы облыс әкімдігінің екі басқармасында басшылардың орынбасары —  білім басқармасы мен жастар саясаты басқармасы бастығының орынбасарлары болып қызмет атқару тарихы аяқталып келе жатқан тәрізді.

Бұл өрескел факті «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен  күрес жөніндегі қоғамдық кеңесте қаралып, мемлекеттік қызметкердің этикасымен сыйыспайтыны бүкіл республика көлеміне жария болған еді. Әкім орынбасарының міне нақ осы салаларды басқаратыны кеңес мүшелерінің ерекше ренішін туғызды. Сонда кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов оған өз еркімен қызметінен кетуді ұсынды, деп жазады «Қазақпарат».

Бұдан кейінірек БАҚ-та өз туыстарының жоғарыда аталған лауазымдарға тағайындалуына орай түсіндірме бере келіп, әкімнің орынбасары олар оның тікелей қарауында емес екенін, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына бағынатынын айтқан  болатын, сондықтан да ҚР заңнамасына сәйкес олардың лауазымдар атқаруына шектеу жоқ деген еді.

Дегенмен, бұл мәселе қозғалған бір айдан кейні, дәлірек айтсақ, 18 қарашада Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова өз еркімен қызметінен босату жөнінде өтініш берді. Бұдан бұрын жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығының орынбасары қызметінен оның келіні жұмысынан кетті. Бүгін өз еркімен білім басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босату жөнінде  оның ұлы өтініш берді.

ҚазАқпарат тілшісіне облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова әзірге өз міндеттерін орындауды жалғастыруда. Оның өтініші заңға сәйкес бір айдың ішінде қаралмақ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *