Ақтөбелік студенттер электронды үкіметтен қызмет алуды үйрене бастады

Ақтөбедегі халыққа қызмет көрсету орталығы Жұбанов университетінде «ХҚКО қалтада» атты акциясын өткізді, деп хабарлайды «Тілші».

Акцияның мақсаты – электронды анықтамаларды алу үшін жергілікті атқарушы органдары мен орталыққа жүгінбей-ақ өз бетімен қызмет ала алатындығын студенттер назарына жеткізу.

Сонымен қатар, электрондық цифрлық қолтаңбаны қалай қолдану керектігін, мобильдік базаға тіркелуге, ТелеграмБОТ арқылы анықтамаларды алуға, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде тексеруге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, брошюралар мен буклеттер таратылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған