Әскердегі ішкі шаруашылық жұмыстармен жеке фирмалар айналысады: Сарбаздар тек әскери дайындықта болады

Бөлісіңіз

Қазақстан бойынша мерзімді әскери қызметке 35 мың адам шақырылады. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы Ардақ Кукатовтың айтуынша, көктемде шамамен 17 мың, күзде 17 500 адам әскер қатарына шақырылады.

Оның айтуынша, 1 наурыздан бастап көктемгі әскери шақыру басталды.

«Жоспарға сәйкес, алдымен ҚР ҰҚК шекара қызметі жасақталады. Оған 7 мыңнан астам шақырылмақ. Қарулы күштерге шамамен 13 мың, мемлекеттік күзет қызметіне 600-дей адам, ҚР Ұлттық гвардиясына 13 мыңнан астам шақырылады», — деді Ардақ Кукатов.

Департамент басшысының айтуынша, қазіргі таңда мерзімді әскери қызмет өтеу мерзімі 12 ай. Осы уақыт аралығында шақырылушылар әскери мамандықтарды толығымен игеретін болады. Әскери қызмет өтеу барысында сарбаздар тек әскери дайындыққа жұмылдырылады. Ал әскери бөлімдегі ішкі шаруашылық жұмыстармен жеке аутсорсинг компаниялар айналысады.

2019 жылдың көктемінде ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтарды шақыру жоспарлануда.

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели