Нұр-Сұлтанда алаяқтар Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі атынан жалған құжаттар жасап, 100-ден астам отбасыны тақырға отырғызды

Нұр-Сұлтан қаласында Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкінен үй алып береміз деп 100-ден астам отбасыны тақырға отырған алаяқтарға үкім шықты, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

«Алаяқтар жергілікті тұрғынға үш бөлмелі пәтер алып беруге ықпал етеміз деп Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі атынан депозиттік шот ашу туралы жалған құжат берген де, 830 мың теңгесін иемденіп кеткен. Осындай схемамен алаяқтар 100-ден астам отбасыны тақырға отырғызды», – деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Апелляциялық сот шешімі өзгеріссіз қалдырылып, сот үкімімен кінәлі екі азамат 4 және 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Азаматтардан тағы да арыздардың түсіп жатқанын ескерген прокуратура қазіргі таңда жаңа жағдайлар бойынша сотқа дейінгі тергеу қайта басталғанын хабарлайды.

Осыған орай қадағалау органы өкілдері жылжымайтын мүлікке қатысты күмәнді мәмілелерден абай болу керектігін, займ рәсімдеу үшін тікелей банк қызметкерлерінен кеңес алу қажеттігін ескертеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған