Димаш «Жыл адамы» атанған Роза Рымбаеваны құттықтады

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваны марапатымен құттықтады, деп жазады sputniknews.kz.

Роза Рымбаева Украинда 23-ші рет өтіп отырған жалпыұлттық бағдарлама аясында «Жыл адамы» титулын иеленген. Бұған дейін бұл марапат Тото Кутуньо, Патрисия Каас сынды мықты әншілерге ұсынылды.

«Қазақстаннан жақсы хабар келіп жатыр. Қазақтың ұлы әншісі – Роза Рымбаева апамызды марапатымен шын жүректен құттықтаймын. Бақытты баянды ғұмыр кешіңіз», – деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған