Ақтөбеде пойыз жолсерігі баласына билет алмаған келіншекті танымайтын станцияға түсіріп кете жаздады

Ақтөбе облысының Әйтеке би станциясынан мінген келіншекті «балаңа билет алмадың» деген желеумен жолсерік пен пойыз басшысы қас қарайған шақта танымайтын елді мекенде түсіріп кете жаздады, деп хабарлайды Tilshi.kz.

«Мен, расымен де, баламның таяуда жеті жасқа толғанын білмедім. Осыған дейін оны тегін мінгізіп жүріп, жеті жасқа толғанда билет алу керегін ойламаппын да. Бір қызығы, жолсерік мінерде оны маған айтқан жоқ. Пойыз жүріп кеткен соң ғана» түсесің де, түсесің» деп шу шығарды», – дейді келіншек.

Өз кезегінде, «Жолаушылар тасымалы» компаниясының өкілі баласына билет алмаған жолаушыны жолсеріктің кезекті станцияда түсіріп кетуге толық құқысы бар» деп жауап қатты. Сәлден соң аталған пойыздың «Жолаушылар тасымалы» компаниясына еш қатысы жоқ екенін, «Сарыарқа» жеке компаниясына тиесілі екенін жеткізді.

«Әдетте миллиардтап минусқа кіріп жатқан теміржол саласы менің бір-екі мың теңгеме қарап қалды ма екен? Мен жол үстінде билет алуға дайын болдым. Жолсеріктен сатып ала салғым келген. Әншейінде, осылар билетсіз жолаушыларды тиеп алып жатады ғой. Расымен, мені жеті жастағы баламен өмірі барып көрмеген, ешкімім жоқ елді мекенге мына суықта әрі қараңғыда тастап кетсе не істерімді білмеймін. Орыстарда «буква закона» деген бар, «дух закона» деген де бар. Ал бізде шаш ал десе, бас алатындар», – деп реніш білдірді келіншек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған