Ақтөбеліктерге электронды-цифрлы қолдың көмегімен көп іс тындыруға болатыны тағы түсіндірілді

Халықтық кеңседе мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі болып өтті. Мақсаты – көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту, электрондық мемлекеттік қызметтерді өзектендіру және қызмет көрсету тәртібін, сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы және «Электрондық үкімет» веб-порталдың көмегімен қызметтерді рәсімдеу артықшылығын түсіндіру.

Шараны өткізу барысында азаматтар мемлекеттік қызмет көрсетудің ең көп сұранысқа ие салалары, атап айтқанда электрондық анықтамалар, жер қатынастары, сәулет, қала құрылысы, білім, әлеуметтік салалар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерліктер бойынша қажетті кеңес беру – әдістемелік көмек алу мүмкіншілігіне ие болды.

Іс-шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері келушілерге ЭЦҚ-ң көмегімен электронды мемлекеттік қызметтерді алу үрдісін кезең-кезеңмен көрсету арқылы қолайлы жерде және кез-келген уақытта үйде немесе жұмыс орнында, планшеттер және мобильді құрылғылар арқылы қалай алуға болатындығын түсіндірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған