29 жасында Иракта қайтыс болған қазақ капитанының фотокөрмесі Астанада өтіп жатыр

ҚР Ұлттық музейінде «Ирак ашық аспан астында: қазақстандық және поляк бітімгерлері» халықаралық жылжымалы фотокөрмесі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Тілші».

Шараны ұйымдастыруға капитан-бітімгер Қайрат Құдабаев атындағы қоғамдық қор мен Польша Республикасының қорғаныс істері жөніндегі пресс-атташесі мұрындық болды.

Көрмеде 50-ден астам сурет қойылған. Олардың арасында 29 жасында Васиб провинциясында миссия орындау барысында көз жұмған 29 жастағы капитан Қайрат Құдабаев түсірген фотолар да бар.

2005 жылдың қаңтар айында көз жұмған Қайрат Құдабаев І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Көрменің ашылу салтанатына Польша Республикасы бітімгерлік миссияның ардагері, запастағы генерал Талғат Мұхтаров қатысты. Шара барысында Астана мен Варшава арасында тікелей көпір ұйымдастырылды.

Миссия кезінде Иракта 290 қазақстандық әскери болған екен. Олардың басты міндеті жарылмай қалған заттарды зарарсызданру, суларды тазартып, дәрігерлік көмек көрсету.

Ирактағы миссия басталғалы жеке құрам 4 миллионнан астам жарылғыш затты жойды, 6 718 текше метр су тазартылды. Сонымен бірге Ирак Әскери академиясының 572 курсантын сапер ісіне үйреткен.

Лпңкестік әрекеттерден зардап шеккен әйелдер мен балаларға медициналық көмек көрсетілді.

«Ирак ашық аспан астында: қазақстандық және поляк бітімгерлері» халықаралық жылжымалы фотокөрмесі 2019 жылдың 25 мамырында Варшава қаласындағы Поляк жауынгері мукзейінде өтеді деп жоспарланып отыр.

Астанадағы фотокөрме Ұлттық музейде 24 нарызға дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған