«Тоқсандағы анама 3 литр су ішкізе алмай жүрмін»: Танымал диетолог мұнша су ішу керек деген мифті жоққа шығарды

Астанада дұрыс тамақтану жөнінде дәріс оқыған украиналық дәрігер-диетолог адам баласының күніне 2-3 литр су ішу керек деген түсінікті жоққа шығарды, деп хабарлайды «Тілші».

Дәріс тыңдауға келген астаналықтардың бірі 90 жастағы анасына күніне 3 литр су ішкізе алмайтынын айтып, мұңын шақты. Алайда, дәрігер-диетолог күніне осыншама су ішу керек деген түсініктің жаңсақ екенін түсіндіріп берді.

«Жалпы, жұмыртқа, кофе, су ішуге қатысты мифтер бар. Бірақ, олар дұрыс емес. Күніне 3 литр су ішу керек деген де дұрыс емес. Ең дұрыс көрсеткіш – адамның шөлдегені. Адам шөлдесе, су ішсін. Мәселен, 25 жастағы белсенді жігіт пен 80-90 жастағы қарияға қалай бірдей мөлшерде су ішкізесіз? Егер жас жігіт спортпен айналысатын болса, күн ыстықта терлейтін болса, су іше берсін. 3 литр емес, одан да көп ішуге болады. Ал 90-дағы қарияға 3 литр суды қалай ішкізесіз?», – деді диетолог сұрақ қойған астаналыққа.

Оның айтуынша, жас адам мен үлкен кісінің тамырлары әртүрлі, ағзалары да бірдей емес.

«80-90 жастағы адамға 2,5-3 литр су өте көп, әрі-беріден соң көп су ішкізу – зиян. Жалпы, орта статистикалық адамға күніне 1 литр су жеткілікті. Ал қарияларға 800 миллилитр су да жеткілікті».

Оксана Скиталинская ағзадағы сұйықтықтың шаймен, кофемен, басқа да сусындармен орны толатынын түсіндірді. Тіпті ет пен наннан да адам ағзасына су келеді. Сонымен бірге, диетологтың айтуынша, адам ағзасында зат алмасу процесі кезінде 350-400 миллилитр су тағы бөлінеді.

Скиталинская шөлден бөлек адам зәрінің түсі де суға қажеттілік индикаторы саналатынын айтады. Егер зәр түсі ашық сары болса, ағзадағы су мөлшері қалыпты, ал түсі қою қыззғылт түсті болса, сұйықтықты көбірек ішу керек.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған