Ақтөбе облысында 292 көшеге жаңа атау берілді

Ақтөбе облысында 292 көшеге атау беріліп, 87 көше қайта аталды. Облыстық тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, биыл ономастика комиссиясы атаусыз құрамдас бөліктерге атау беру туралы 95, қайта атау туралы 79, елді мекендерді қайта атау туралы 2, барлығы 176 ұсынысты қарап, оның 155-іне оң қорытынды шығарды.

Сондай-ақ, 224 атау республикалық ономастика комиссиясының оң қорытындысын алды. Қазіргі таңда облыста топонимика кеңістігіндегі қазақ тіліндегі атаулар үлесі – 93 пайыз. 2017 жылмен салыстырғанда облыстағы идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулар үлесі екі есеге азайған.

Tengrinews.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған