Ирандағы ұшақ апатынан бірнеше адам қаза тапты

Бөлісіңіз

Иранда апатқа ұшыраған Boeing 707 жүк ұшағынан жеті адамның мәйіті шығарып алынды. Бұл туралы Иран төтенше жағдайлар министрі Пирхуссейн Коливандтың ирандық мемлекеттік телеарнаға хабарлады. Оның сөзінше, іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Fars ақпарат агенттігінің ақпаратына қарағанда, ұшақта барлығы 16 адам болған. Олардың біреуі ғана — борт инженері тірі қалып, ауруханаға жеткізілді. Агенттік ұшақ Иран қарулы күштеріне тиесілі болғанын хабарлады.

Иран билігінің мәліметінше, ұшақ Бішкектен ет тасымалдап келе жатып, Тегераннан шығысқа қарай Фатх әуежайына қонатын кезде ұшқыштар ұшу-қону жолағын шатастырып, басқа жолға түсіп кеткен. Салдарынан ұшақ қақпаға соғылып, өртенген.

Boeing 707 ұшақтары 1950 жылдары шыға бастаған. Иран — санкция кесірінен бұл ескі ұшақтарды әлі де қолдануға мәжбүр болып отырған жалғыз ел. Иранда бұл ұшақтар жолаушылар тасымалдауда қолданылады. Иран әскерилерінде мұндай ұшақтың бірнешеуі бар.

azattyq.org

You May Also Like

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Перейти к верхней панели