Ақтөбеде бала ди-джей көпшілікті өнерімен сүйсінтті (ВИДЕО)

9 жастағы Ислам Халиуллин көпшілікті өнерімен тәнті етті. Ақтөбеде балаларға жаңадан ашылған демалыс орнында музыкалық жабдықтарды өзі басқарып тұрды, деп хабарлайды «Тілші».

Ислам ди-джейлікті әкесінің достарынан үйренген екен. Тіпті, үлкендерге қолқа салып, ди-джейліктің арнайы мектебінде оқыған.

https://www.instagram.com/p/BgnO-6Inpe3/?r=wa1

«Бесінші класта оқимын. Достарым мені мақтан тұтады. Тіпті, еркелетіп, жер бетіндегі ең мықты ди-джей деп жатады. Әрине, өзіме ди-джей болған қатты ұнайды. Мені бала демеңіз, амандық болса, болашақта осы бағытта жұмыс істегім келеді», – дейді Ислам «Тілшіге» берген сұхбатында.

Баланың оқу үлгерімі жақсы – төрт пен бес.

https://www.instagram.com/p/BgnQEtdn_QJ/?r=wa1

«Ешкімге еліктемеймін. Дегенмен, ди-джей Marshmello-ны тыңдағанды жақсы көремін. Ол әлем бойынша ең мықты деген ди-джейлердің бірі. Рейтингте алғашқы ондықтарға енген. Керемет американдық музыкант әрі продюсер», – дейді Ислам Халиуллин.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған