Өз тағдырын сахналауға рұқсат берген ақтөбелік келіншек қойылымның соңына дейін шыдамай, залдан шығып кетті

Ақтөбеде «Үлкен сұрақ» деген атаумен «сақалдылар» жайлы кезекті туынды сахналанды, деп хабарлайды «Тілші». Өзінің бастан кешкендерін сахналауға рұқсат берген келіншек спектакльдің соңына дейін шыдамай, залдан шығып кетті.

Өз өмірін сахнадан көрген келіншек көз жасына ерік берсе керек.

Айта кетейік, Ақтөбедегі «Аңсар» орталығы мемлекеттік тапсырыс аясында «Үлкен сұрақ» қойылымын сахнаға шығарған болатын. Орталық директоры Жандәулет Сүлейменовтің идеясын облыстық драма театрының ұжымы жүзеге асырды.

«Үлкен сұрақ» – ақтөбелік бойжеткеннің теріс ағымда жүрген жігітпен бас қосып, кейін опық жегені жайлы қойылым. Бірінші жолдасы Мысыр арқылы Сирия асып, сол елде көз жұмады.

Екінші күйеуі 2016 жылы 5 маусымда теракт жасағаны үшін бүгінде жазасын өтеп жатыр.

Екеуі де жарына талақ жасаған болатын.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған