
Қарулы күштер сапында қайғылы оқиға. Қызылорда облысы Сырдария ауданы Аманкелді ауылынан 5 ай бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған 20 жастағы сарбаз үйіне табытпен оралды
Марқұм Бахуадин Аманбекұлы отбасындағы 4 ұлдың екіншісі. Оқушы кезінде әкесі қайтпас сапарға аттанып бір отбасының жүгін арқалап өсіпті. Маусым айының басында әскерге кетемін деп дипломды да едел-жедел қорғаған. Әскери борышымды өтеп осы саланың маманы боламын деген асқақ арман арқалап аттанған туған жерден. Алайда ол борышын тек 5 ай ғана өтеп үлгерді. Әскери ант қабылдау салтанатына барып перзентінің ел қорғар азамат болғанына сүйсініп келген анасы 7 айдан соң оралар ұлын сағына күтіп жүргенді. Алайда 13 қазан күні түс әлетінде жеткен хабар төбесінен жай түскендей етті.
Ұлы өз-өзіне қол жұмсады дегенге ана көңілі сенер емес. Өз атасымен нағашы атасы ел басқарып ұрпақ тәрбилеген. Солардың құжатын жинап аттарына көше аламын. Елімнің қарулы күштерінде қасқая қызмет етемін деген жалын жастың жігерінің қалай құм болғаны да жұмбақ. Батыс аймақтық әскери тергеу басқармасының басшысы полковник Бақытқазы Жүнісжанов лада, кз ке берген ақпаратында қайғылы жағдайдан бұрын сарбаз сабақ кезінде әжетханаға сұранған. Түскі ас алдындағы санақ кезінде ол жоқ болды. Содан кейін іздестіруге кіріскен. Жарты сағаттан кейін оны қызметтестері тауып алды», — депті.Алайда анасы болса ұлымның денесінде өзін-өзі асқан белгі жоқ. Соққыдан қаза болды деп отыр.
Қазіргі таңда сот тергеу сараптамасы тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Сонымен қатар, бөлімдегі қарым-қатынастарға қатысты және оның өз-өзіне қол салумен аяқталуы туралы нұсқалар тексерілуде. Қайғыдан қан жұтқан жандардың қабырғасы сөгіліп отыр. Тепсе темір үзетін ұлдарының кішкентай төмпешік болып қалғанына сенер емес. Әлі естерін жия алмауда. Бар үміттері сараптамада.