Желі қолданушылары «МузАрт» тобының концертіне қатысты «Ақтөбе ақпарат» өкілінің өтірігін бетіне басты

Желі қолданушылары «МузАрт» тобының концертіне қатысты «Ақтөбе ақпарат» өкілінің өтірігін бетіне басты

Медицина қызметкерлерінің күніне Ақтөбеге «МузАрт» тобы келіп, Денсаулық саябағында концерт берді. Бұл туралы инстаграм парақшасында жариялаған «Ақтөбе ақпарат» орталығының өкілін интернет пайдаланушылар жерден алып, жерге салды.

Қала тұрғындары концерт туралы алдын ала неліктен хабарландыру болмағанын айтып мұңын шаққаны сол еді, «Ақтөбе ақпарат» орталығының модераторы «осыған дейін хабарладық» дегенге саятын жауап қатты.

Интернет қолданушылар «Ақтөбе ақпарат» орталығы өкілінің өтірігін бетіне басып, жалған жауабы үшін наразылық танытты.

«Ақтөбе ақпарат» орталығының модераторы Шыңғыс Ілиясов саябақтың ашылатындығы жөнінде алдын ала хабарландыру жасалғанын жазды. «Біраз халықтың қарасы болды. Мерекелік кеш болатыны айтылды» дегені сол еді, инстаграм желісіндегілер шулап қоя берді.

Орталық өкілі өз сөзіне дәлел келтіре алмады.

screenshot_20170618-230700

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

screenshot_20170618-2307051

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Асқар Ақтілеу, «Тілші»

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.