Ақтөбе облысында Ойылдың тарысын Италия мен Кореяға экспорттау көзделіп отыр

Ойылдың тарысын Италия, Испания және Корея елдеріне экспорттау көзделіп отыр, деп хабарлайды «Тілші». Облыс басшысы бүгінде аталған елдермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді. Бердібек Сапарбаев тары мен талқанды шетелге шығару жөнінде Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінде өткен ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтты.

Облыс әкімі Ақтөбеде өндірілетін «Ваниль» кондитерлік цехының женті туралы да конференция меймандарына аз-маз ақпарат берді.

20170607_161212

Айта кетейік, осыған дейін Ойыл ауданының әкімі Бұлбұл Күзембаева 2017 жылы тары алқабының 460 гектардан 1150 гектарға ұлғайтылғанын, ауданда тары өндірісі кластерін құру жөнінде жұмыстар қолға алынып жатқанын хабарлаған болатын.

Ауданда 8 шаруа қожалығы тары егеді. Ойылдың тарысына Ақтөбедегі кондитерлік цехтардың тарапынан сұраныс артып келеді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

One thought on “Ақтөбе облысында Ойылдың тарысын Италия мен Кореяға экспорттау көзделіп отыр

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.