Сапарбаев қала көшелерінде шөп жұлып отыратын «жасылелдіктерді» құрылыс жұмыстарына тарту керектігін айтты

Бөлісіңіз

Ақтөбе көшелерінде шөп жұлып отыратын «Жасыл ел» тобы судан зардап шеккен отбасылардың үйлерін салуға жұмылдырылуы мүмкін, деп хабарлайды «Тілші». Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, қала сыртында салынып жатқан үйлердің құрылысына «Жасыл ел» жасақтарын да тарту керек.

«Біз оларға ақша төлеп отырмыз. Сондықтан жұмыс істесін, құрылысқа көмектессін», — деді облыс басшысы.

Айта кетейік, бүгінде қаланың іргесіндегі Өрлеу, Қурайлы, Сазды аудандарында судан зардап шеккен отбасылардың үйлері салынып жатыр. Жергілікті билік тұруға жарамсыз деп танылған 77 отбасыға жер телімдерін үлестірген болатын.

Кейбірі өз күштерімен үйлерін тұрғызып жатса, бірқатарында жұмыс қолы жетіспейді.

20170611_115010

«Күйеуім мен балам жұмыста жоқ. Күні бойы базарда арба тасиды. күніне 1-2 мың теңге табады. Ол тамақтан ауыспайды. Дегенмен, үйімізді салып жатырмыз. Құрылыс материалдарын жеткізіп берді. Қиыршық тас, цемент, ағаштарын әкеліп берді. Бір мезгіл үй саламыз. Әзірге вагонда тұрып жатырмыз. Көңіліміз тоқ. Қолдан келген көмектің барлығын жасап жатыр. Барлығына рахмет», — дейді Ақнұр Аманшина.

Өз кезегінде, қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияровтың айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың жағдайын зерттеу жұмыстары жалғасуда.

«Бүгінде Қурайлыда 55 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Қызылжарда 6, Өрлеуде 4, Сазды ауданында 12 жер телімі берілді. Жаңақоныс ауылынан 1 жер телімін көздеп отырмыз. Мүмкіндігінше, тағы да үй құрылысына жер телімдерін қарастырып жатырмыз», — дейді ол.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *