Сапарбаевтың алдында руын айтып мақтанған Темір ауданының кәсіпкері күлкіге қалды

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Темір ауданына іссапармен барғанда кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысқан болатын. Ауданда біраз жұмыс көлемін алған кәсіпкер Сапарбаевтың алдында байқаусызда руын айтамын деп басы бәлеге қалды, деп хабарлайды «Тілші».

«Мен Адаймын» деп мақтанған оны әкім біраз жерге апарды. Бір жылда 1,5 млрд теңгенің жұмысын алып отырған ірі кәсіпкер ауылына демеуші ретінде бірде-бір рет көмек қолын созбаған көрінеді.

«Ең болмағанда кірісіңнің 1 пайызын туған жердің көркеюіне жұмсасаң нетті?! 1,5 млрд теңгенің жұмысын алады екенсің. Қазіргі кезде кәсіпкерлер мейлінше көмектесіп жатыр. Сен былтыр да, биыл да көмектеспепсің», — деді облыс басшысы әзіл-шыны аралас.

Облыс басшысының жұмыс сапары аудандық әкімдік ғимаратында қорытындыланды. Бердібек Сапарбаев таяуда облыста болған су тасқынына кімнің қалай көмектесіп жатқанын айтып өтті.

«Маңғыстаудың мұнайшылары 52 миллион теңге аударыпты. Өзге жақтың кәсіпкерлері де қарап қалмады. Тіпті, Тараздың университеті 4 миллион беріп жіберіпті. Ал біздікілер «жағдай қалай болады екен» деп тосып отырады», — деді бұл жолы ренжіген кейіп танытқан Бердібек Сапарбаев.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

2 thoughts on “Сапарбаевтың алдында руын айтып мақтанған Темір ауданының кәсіпкері күлкіге қалды

  1. Мен Алексей Азамат Алексейулы Актобе обылсы Темир ауданы Шубаркудык калашыгында жеттим бала есебинде тургын уйге кезекке турган едим маган 3жыл ишинде дайын болады деп уаде берген болатын арада 5жыл отти алыде хабар жок тезирек уй болса деймин

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *