«Тілші» оқырмандарының сауалына Мемқызмет істері агенттігінің Ақтөбедегі өкілі жауап береді

«Тілші» оқырмандарының сауалына Мемқызмет істері агенттігінің Ақтөбедегі өкілі жауап береді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев 2017 жылғы 12 маусымға дейін мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша сұрақтарға жауап береді.

 

  1. Даяна 10.06.2017, 14:46

    Саламатсыз ба?! Сынақ мерзімінде жүріп аяқталуына 1 апта қалғанында басқа лауазымға ауысып кетсем ол жақта сынақ мерзімі қойыла ма, әлде сынақ мерзімінсіз жалғастыра беремін бе?

    Reply
    • Токушев Қайыржан Ахметбекұлы 12.06.2017, 19:51

      Саламатсыз ба, Даяна ханым! Сіздің сұрағыңызға келесідей хабарлаймын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 20-бабы 3-тармағына сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сынақ мерзімін қысқартуға немесе мерзімінен бұрын аяқтауға жол берілмейді. Егер, тұлға сынақ мерзімін аяқтамай, басқа лауазымға тағайындалған жағдайда, оған жаңа сынақ мерзімі белгіленетін болады.

      Reply
  2. Нурлан 10.06.2017, 14:49

    Салеметсиз бе! Менин сурагым, зейнет жасына толған мемлекеттік қызметкер келісімшартқа сәйкес қызметін жалғастыра алады ма?

    Reply
    • Токушев Қайыржан Ахметбекұлы 12.06.2017, 19:54

      Саламатсыз ба, Нурлан мырза! Cұрағыңызға байланысты, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы 61 бабының 1 тармағы 3) тармақшасына сәйкес зейнет жасына толған мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзарту құқығы ескерілгендігін хабарлаймын.

      Reply
  3. Назым 10.06.2017, 14:54

    Саламатсыз ба Қайыржан Ахметбекұлы! Аттестаттау қорытындысы бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымын жоғарылату қалай жүзеге асырылады?

    Reply
    • Токушев Қайыржан Ахметбекұлы 12.06.2017, 19:55

      Саламатсыз ба, Назым ханым! Сұрағыңызға байланысты келесідей хабарлаймын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңы 63-бабының 7-тармағына сәйкес аттестаттау комиссиясының аттестаттау қорытындысы бойынша қабылдаған шешімі мемлекеттік қызметшіні жоғары тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға ұсынуға, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымын төмендетуге немесе оны қызметтен шығаруға негіз болып табылады.
      Бұл ретте, лауазымында жоғарылату туралы шешім бос орын болған және мемлекеттік қызметшінің біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда хаттамаға қол қойылған күннен бастап бір айдың ішінде орындалуға жататынын атап өтеміз.
      Бос орындар болмаған немесе мемлекеттік қызметшінің біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда аттестаттау комиссиясының шешімі 2017 жылдың аяғына дейін орындалуы қажет.

      Reply
  4. Диляра 10.06.2017, 23:19

    Сəлеметсіздерме! Менде 2бағдарлама (С О 5санаты) бойынша жеке қасиеттерді бағалау тестінен «Қатерлі аймақ «жауабы болды. Бұл маған зиянын тигізуі мүмкін бе ?

    Reply
    • Токушев Қайыржан Ахметбекұлы 12.06.2017, 19:57

      Саламатсыз ба, Диляра ханым! Сұрағыңызға байланысты келесідей хабарлаймын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 28-бабы 4-тармағына сәйкес азаматтардың жеке қасиеттерін бағалау нәтижелерін конкурстық комиссия шешім қабылдау кезінде ескереді. Бұл ретте кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау нәтижелері «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үміткерлердің конкурсқа қатысуына кедергі болмайтындығын қосымша хабарлаймын.

      Reply
  5. Алиса 11.06.2017, 13:49

    Саламатсызба! Мемлекеттік тестілеуді Қазақстан Республикасының азаматы кез келген облыстан тапсыруға құқылы бар ма? Әлде тұрғылықты тіркелген өз облысынан тапсыру қажет пе?

    Reply
    • Токушев Қайыржан Ахметбекұлы 12.06.2017, 19:59

      Саламатсыз ба, Алиса ханым! Сұрағыңызға байланысты келесідей хабарлаймын: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тестілеуге қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына жүгіну арқылы өтініш тапсырып, қалаған бағдарламаны, тестілеу өту облысын, күнін, уақытын өзі таңдайды. Сонымен қатар заңнаманы білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат пен «Б» корпусының лауазымына үміткердің жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша берілген қорытындысы тестілеу өткізілген күннен бастап бір жылдың ішінде Қазақстан Республикасының барлық аумағында жарамды екенін қосымша хабарлаймыз.

      Reply
  6. Ержігіт 11.06.2017, 13:54

    Саламатсыз ба! Мемлекеттік заңнамаға арналған тестілеуден өтпей қалған жағдайда екінші қайтара тест тапсыруға мүмкіндігім бар ма?

    Reply
    • Токушев Қайыржан Ахметбекұлы 12.06.2017, 20:01

      Саламатсыз ба, Ержігіт мырза! Сіздің сұрағыңызға келесідей хабарлаймын: Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары мен қағидаларына сәйкес «Б» корпусының лауазымына үміткерлер тест тапсыру барысында шекті мәндерден төмен нәтиже алған жағдайда аталған Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысанда шекті мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі.
      Бұл жағдайда, қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап екі айдан кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.

      Reply
  7. Ақмарал 11.06.2017, 14:02

    Сәлеметсіз бе! Бала күтіміндегі кезең мемлекеттік қызмет өтіліме саналады ма? Алдын ала рахмет!

    Reply
    • Токушев Қайыржан Ахметбекұлы 12.06.2017, 20:02

      Саламатсыз ба, Ақмарал ханым! Сұрағыңызға рахмет! Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 5 тармағы 4) тармақшасына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, әлеуметтік демалыста болған кезең еңбек өтіліне есептелетіндігін хабарлаймыз.

      Reply
  8. Саламатсыз ба. У меня такой вопрос: по каким критериям осущетсвляется прием на госслужбу? Почему бывший замакима города Актобе Жуман Зине, не имея опыта работы, стажа, в неполные 28 лет становится заместителем акима? А как же «карьерный лиф», «лестница», о которых говорит глава государства? В Актобе немало более опытных и толковых кадров. Как он занял руководящий пост, не имея опыта? История, когда он, будуче, освобожден от занимаемой должности 2 дня, приходит на официальное мероприятие, представляется заместителем акима — сюжет об этом был на Рика ТВ и на официальной странице отдела предпринимательства в сети «Инстаграм» никак вашими специалистами не был прокомментирован. Почему? Почему этому молодому человеку все сходит с рук? Сами прекрасно знаете, что не так давно в нерабочее время Зине с водителем на служебном авто катал маму по магазинам. У водителя не было сопроводительных документов. Почему водитель должен возить руководителя аппарат и его маму по их делам? Ему, что, отдыхать не нужно? Кстати, этот момент зафиксирован специалистами вашего управления. Но почему до сих пор не предприняты никакие меры? К слову, после этого инцидента Зине срочно отдал свое авто заместителю акима города. Что показывает, как он пытается замести следы. Почему вы так активно укрываете этого парня?

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.