Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының шалғай ауылына жақындап қалған үлкен құмды тоқтату керектігін айтты

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының шалғай ауылына жақындап қалған үлкен құмды тоқтату керектігін айтты

Ырғыз ауданының ең шалғай ауылы Жайсаңбайға жақындап қалған үлкен құмды көрген Бердібек Сапарбаев онымен күрес жұмыстарын қолға алу керектігін жеткізді, деп хабарлайды «Тілші». Бұл туралы әкім ауданға жасаған сапары аясында айтты.

Әзірге, Жайсаңбай ауылының тұрғындары демеуші тауып, ауылды айнала сексеуіл мен дүзгін егіп жатыр. Ауыл әкімі Ғалымбек Байтақовтың айтуына қарағанда, биыл 300 түп сексеуіл, 200 түп дүзгін отырғызылған екен. Олар көршілес Арал ауданынан жеткізіледі. Әр түптің бағасы 100 теңгеге жетпейді. Оларды аса суарудың да қажеті жоқ. Аптасына бір рет су құйылады.

img_3313

Ауылға жақындап келе жатқан үлкен құм туралы облыс басшысы Бердібек Сапарбаев тұрғындармен кездесу барысында айтып өтті.

— Бұл іспен эколог, орманшылар айналысады. Қызылорда облысының Арал ауданында мұндай жұмыстар тоқсаныншы жылдары басталып кеткен. Құм көшін тоқтату үшін сексеуілді көптеп отырғызу керек. Ертең іссапардан қалаға оралған соң, бұл мәселемен де айналысамыз, — деді облыс басшысы.

Айта кетейік, Жайсаңбай ауылы аудан орталығы Ырғыздан шамамен 160 шақырым қашықтықта орналасқан. Жаз бойы онда құм борап тұрады.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.