Ақтөбе әкімі қоқыс сұрыптау нарығында «жаңа ойыншылардың» пайда болуы мүмкіндігін жоққа шығармады

Бөлісіңіз

Ақтөбе қаласының басшысы Ілияс Испанов санаулы күн  бұрын қала маңында іске қосылған қоқыс сұрыптау кешеніне ерекше талаптар қойып отырғанын жеткізді, деп хабарлайды «Тілші».

Испановтың пайымынша, қалалық полигонға келіп түсетін қатты қалдықтың 70 пайызын жаңа кешен сұрыптап отыруы керек. Рас, кешен құрылтайшылары бұл көрсеткішті орындауға сенімді еместігін білдіріп қойды.

«Сұрыптаудан қалған қалдықты тығыздап, жерге көміп отырулары қажет. Полигон жұмысы 5 жылға есептелген. Әрі кетсе 10 жыл пайдалануға болады. Ал, біз басқа жерден полигон салғымыз келмейді», — дейді қала басшысы.

Ілияс Испанов қоқысты сұрыптау нарығында жаңа ойыншылар пайда болу мүмкіндігін де жоққа шығармады. Өйткені, оның пайымынша, бұл — нарық.

«Испанияда болғанымда қоқыстан ақша жасауға болатыны айтылды. «Сендер еңкейіп қоқысты көтеруге ерінесіңдер, біле білсеңдер, қоқыс — ақша» дегендер болды. Жалпы, Ақтөбеде осы бағытта алғашқы қадам жасалды», — дейді қала әкімі.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *