Қарғалы ауданының тұрғындары Бердібек Сапарбаевтан кабинетте қанша уақыт өткізетінін сұрады

Қарғалы ауданының тұрғындары Бердібек Сапарбаевтан кабинетте қанша уақыт өткізетінін сұрады

Қарғалы ауданы Шәмші ауылының белсенді ақсақалы, зейнеткер Марс Шынтасов осыған дейін оннан астам шенеунікке ауылдағы жағдайды айтып, құлақ астыра алмағанына қынжылыс танытты, деп хабарлайды «Тілші».

«Бізде ауыл амбулаториясында дұрыс көлік болмады. «Нива» мінген жүргізушісі қалаға барарда туған анасына да орын тауып бере алмайтын. Енді, үлкен машина тарту етіп отырсыздар. Ауылда жөнді клуб болмады. Сізге дейін 16 адамға жағдай айттық. Құлақ асқан ешкім болмады. Мәдени ошағы жоқ жерде рухани дүние туралы қалай әңгіме айтамыз?», — деді зейнеткер.

20170515111314_img_9593

фото: Аймұрат Дәрібай

Марс Шынтасов қазіргі облыс басшысы алдында қысылмай мәселе айтуға болатынын жеткізді.

«Сіз Елбасы мен премьердің алдында Ақтөбе облысына қажетті дүниелерді айтып жатқанда, біз де сіздің алдыңызда ауыл үшін маңызды жайттарды айтуымыз керек қой. Өткен сапарыңызда көтерген мәселелер бүгінде шешімін тауып келеді. Сөз жүзінде емес, іс жүзінде. Сіздің жүріп-тұрғаныңызды халық аңдып отырады. Тіпті, кейде «осы кісі жұмыс кабинетінде отыра ма екен, үйіне уақыты қала ма екен» деп менен сұрайды. Ондайда не деп жауап берерімді білмей қаламын. Әрине, жұмысқа барады ғой, бірақ халықтың арасында жүретін кісі деп жауап беремін», — дейді ақсақал.

Осы жолы Қарғалы ауданы Шәмші ауылының тұрғындары облыс басшысына тағы да ұсыныстарын айтты. Мектептегі жөндеу жұмыстары үшінші жыл қатарынан аяқталмай келеді. Ауылдағы жол сапасы сын көтермейді. Ауыл тұрғындары әкімшілік құрылымға қатысты сұрақтар қойды.

Айта кетейік, атақты Шәмшінің атымен аталатын ауылда мәдениет клубы енді салынып жатыр. Сонымен бірге, ауыл амбулаториясына «жедел жәрдем» көлігінің кілті тарту етілді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.