Нұрбол Ибраев

Селт етсе көңіл сеземін қайғы,
Күтемін от боп бекіністі алдан.
Бақытты жандар өлең жазбайды,
Өлең дегенің өкініш, қарғам…

(Тірліктен жаның шөлдеген болса,
Белгілі, жырдың бұлақ екені.
Бір шындық таппай өмірден онша,
Ақындар неге жылап өтеді?

Қандай болса да тағдыры ханның,
Қоғамға ақын жалынышты емен!
Шын сүйе білген барлық ақынның,
Өмірі өтеді сағынышпенен.

Жанарда үміт барын сезінсе,
Өлең-жүрегім нұрын себеді.
Зұлымдық келіп қару кезенсе,
Нағыз ақындар бірінші өледі…

Қанында ойнап қырық құмарлық,
Өмірден көрмес шапағатты онша.
Нұрланар əлем, жүректе барлық —
Ақындағы ұлы махаббат болса!)

…Селт етсе көңіл сеземін қайғы,
Күтемін от боп бекіністі алдан.
Бақытты жандар өлең жазбайды,
Өлең дегенің өкініш, қарғам!

Н.Ибраев

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.