Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданында тұрғызылып жатқан ауыл клубын сарайға теңеді

Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданында тұрғызылып жатқан ауыл клубын сарайға теңеді

Бердібек Сапарбаев Қарғалы ауданының Шәмші ауылында салынып жатқан ауыл клубының құрылысымен танысты. Әкімге мәдениет ошағының сыртқы келбеті де, сәулетшілер бекіткен дизайн да ұнамады.

«Бұл клуб қой. Сарай немесе мал қора емес. Неге фантазияларыңа ерік бермейсіңдер? Кішкене ойланып, қиялға ерік беріп, қосымша элементтер неге пайдаланбасқа?», — деп ренжіді облыс басшысы.

Құрылыс жұмыстарының аяқталуына әлі екі айдан астам уақыт бар. Сондықтан, облыс әкімі бой көтеріп жатқан нысанның сыртқы келбетін әлі де дұрыстауға мүмкіндік барын меңзеді.

20170515105755_img_9550

фото: Аймұрат Дәрібай

Айта кетейік, 150 орынға есептелген ауыл клубының құрылысына бюджеттен 48 млн теңге бөлінген. Мұнда кітапхана, түрлі үйірмелер, концерт залы қарастырылған.

Облыс басшысы Қарғалы су қоймасы жағалауында салынады деп жоспарланған демалыс орнының макетімен де танысып, көңілі толмайтынын білдірді.

Айналасындағыларды Орынбор облысындағы балалар лагерінің эскизімен таныстырып шыққан Бердібек Сапарбаев Қарғалы су қоймасы маңындағы демалыс орнының құрылысын әзір бастаудың қажеті жоқ екенін айтты.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.