«Ақтөбе» футбол клубындағы бразилиялық ойыншының бұлдануына не себеп?

Бөлісіңіз

«Ақтөбе» ФК бүгін тағы өзіне назар аудартты. Соңғы кездері тек дау-дамаймен аты шығып жүрген клубтың бразилиялық ойыншысы шу шығарды. Жартылай қорғаушы Витор Жуниор клуб басшылығына наразы.

Ойыншы 12 мамырдағы жаттығуға қатыса алмады. Ол бұған не себеп болуы мүмкін екенін түсіне алмай дал. Сондай-ақ ол келісімшарт бойынша барлық талаптар орындалмай жатқанына наразы.

«Әрбір шетелдік ойыншының отбасы, бала-шағасы бар. Қаншама уақыт жырақта болдық. Енді оларды көрсем бір қуанып қалар едім. Келісімшарт бойынша клуб менің отбасыма 4 билет алып беруі керек. Алайда клубтың басшысы Даулет (бұл туралы сәл кейінірек-ред.) бұл шартты орындаудан бас тартып отыр. Соңғы ойындарда жеңе алмай жүргенімізді айтады. Алайда команданың нәтижесіне жалғыз мен ғана жауапты емеспін ғой?» — дейді бразилиялық легионер.

Клубтың бас директоры Мақсат Тюмалиев екенін есіне салғанымызда, футболшы одан хабардар екенін, алайда тасада жүрген тағы бір басшы бар екенін айтты.

«Дәулет клубтың барлық шаруасын басқарып отыр. Алайда оның заңмен шатағы бар ма, білмеймін.  Әйтеуір суретке түспейді, өзін жарияламауды сұрайды», — дейді Витор Жуниор.

«Ақтөбе» ФК бас бапкері міндетін атқарушы Игорь Прохницкий болса ойыншының тәртібі нашар екені туралы айтқан.

«Ол «Атырау» ФК-ға қарсы ойынның алдында жаттығудан бас тартты. Біз оған үлкен сенім артқан едік. Бүгінгі жаттығуға сол үшін жібермедім. Өзінің кінәсын түсінсін» деп сұхбат берген болатын. Бапкердің бұл сөзі клубтың ресми парақшаларында жарық көрді.  Алайда футболшының өзі бұл сөзді жоққа шығарды.

«Бұл барып тұрған өтірік. Олар менің тіл білмейтінімді пайдаланып, осылай жасап отырған сияқты. Алайда мен әділеттілікті қалаймын. Мен соңына дейін күресемін. Естеріңізде болса «Қайсармен» өткен ойында мен гол соқтым. Ал келесі ойында қосалқы құрамда қалып қойдым.  Бапкер ауысқандықтан болар деп, еш мән бермегенмін. Енді мынадай жағдайға душар болдым. Бұл әділетсіздік», — дейді даудың басты кейіпкері.

Ал, клубтың баспасөз қызметі әзір ешқандай ақпарат бере алмайтынын, жаңалық болып жатса клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі парақшаларына шығатынын айтып сендірді.

Дау көтерілгеннен бері клубтың бінеше қызметкері мен, команда капитаны Андрей Сидельников өз пікірлері білдіген.

«Чако Торрес пен Витор Жуниор жаттығуға үнемі салғырт қарайтын. Қажет десе орындайды, қажет емес десе жаттығудан бас тартады. Бұл кылығымен олар командадағы ауызбіршілікті құртады. Өз наразылығымызды бас бапкерге де жеткіздік», — дейді команда капитаны Андрей Сидельников.

Естеріңізге сала кетейік, нәтижесіз жұмысы үшін клубтың бас бапкері украиналық маман Игорь Рахаев жұмыстан босатылған еді.

Өркен Алтынбекұлы

фото: Sports.kz

Ұқсас жаңалықтар

One thought on “«Ақтөбе» футбол клубындағы бразилиялық ойыншының бұлдануына не себеп?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *