«Медианет» ұйымы Алматыда кезекті Интернет-форумын өткізеді

«Медианет» ұйымы Алматыда кезекті Интернет-форумын өткізеді

24-25 мамыр күндері «InternetCA-2017 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» атты VIII орталықазиялық форумы өтеді

Негізгі тақырып: Шындыққа жанаспайтын шындық дәуіріндегі негізгі қатерлер  

Талқыланатын тақырыптар қатарында:

  • Ғаламтордың шынайы өмірге тигізер әсері;
  • Әлеуметтік және өзге де проблемаларды әлеуметтік желілер арқылы шешу;
  • Пікір білдіру еркіндігінің принциптеріне нұқсан келтірместен, «уытты» мысалдармен қалай күресуге болады;
  • Манипуляция, фальсификация (бұрмалау), насихат, ксенофобия, екеуара жауласуға, деструктивті контентке қарсы тұрудың тиімді құралдары: Желідегі қауіпсіздік;
  • Халықаралық эксперттердің  заңнамалық және басқа да ұсыныстары мен үздік мысалдары

Форумға тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, журналистер, заңгерлер және белсенді интернет қолданушылар шақырылады.

Форумда Еуропа, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Украина, Ресей елдерінен келген сарапшылар өз аймақтарындағы ғаламтордың мүмкіндіктері мен өзекті мәселелері жайлы ой-пікірлерін айтып, нақты мысалдары мен тәжірибесімен бөліседі.

Шараны әдеттегідей MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Конрад Аденауэр атындағы Қордың демеушілігімен ұйымдастырады.

Өтетін орны: Intercontinental қонақ үйі (Желтоқсан, 181), Алматы қаласы.

24 мамыр: Ballroom

25 мамыр : «Абай» және «Абылай хан» мәжіліс залдары.

Форумға баяндамашы ретінде қатысу үшін  12 мамырға дейін тіркелу формасын толтыру керек: Баяндамашы ретінде тіркелу

Тыңдаушы ретінде қатысу үшін 19 мамырға дейін келесі сілтеме арқылы форумға тіркелу керек: Қатысушы ретінде тіркелу

Шетелдік және Қазақстанның өзге қалаларынан келетін баяндамашылардың жол жүру және қонақ үй шығындары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді. Қатысушылар саны шектеулі.

Ұйымдастырушылар азаматтардың тіркелгенін растауы қажет. Қатысуға ниет білдірген тұлғаларға қабылданғаны және қабылданбағаны жайлы қосымша хабарлама жіберіледі.

 

Толық ақпарат үшін MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жоба үйлестірушілеріне хабарласыңыз:

Виктория Ли, medianet.smm@gmail.com
Думан Смақов, medianet.smm@gmail.com

тел. +7 727 292 20 46, +7 771 445 03 77, +7 702 629 2866

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.