Бауыржан Қаниев түнімен қыдырып, ата-анасын әкімнен жұмыс сұратуға жіберетін Шалқар жастарын сынға алды

Бөлісіңіз

Шалқар ауданының әкімі «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында ауданда жұмыссыз жүрген жастарды масылдықтан арылту керектігін сөз етті, деп хабарлайды «Тілші». Ол өзінің тәжірибесінде балалары мен немерелеріне жұмыс сұрап келетін үлкендердің кездесетінін айтып берді.

«70 жыл үкіметтің мойнында болдық. Қазір де билік далада қалдырмайды. Қолынан іс келетін адамдарға несие, субсидия беріп жатыр. Лизингке техника алып шаруаларын дөңгелетіп отырғандар бар. Мал шаруашылығымен айналысамын дегендерге шығынның жартысына дейін өтеп жатыр. Осындай жәрдемді дер кезінде пайдаланбаған адамдарды жалқау деуге болады», — деді Бауыржан Қаниев.

Шалқар ауданы басшысының пайымынша, түнімен қыдыратын жастардың таңертең ата-анасын әкімнен сұрап келуге жұмсаудан арланбайды.

«Менің қабылдауыма жасы үлкен кісілер келеді. Баласына, немересіне жұмыс сұрайды. Балаңыз қайда деймін ғой. Үйінде жатады. Түнімен қыдырады. Балаңыздың өзі келсін деп айтып жіберемін. Шұбарқұдық ауылында жасы үлкен апай бар, мүгедек, арбаға таңылған. 12 адамға жұмыс тауып беріп отыр. Үлгі болсын деп үнемі айтып жүремін», — дейді Қаниев.

Әкімнің айтуынша, Шалқар ауданында қоян, бөдене өсіргісі келетін ынталы азаматтар бар. Жас келіншек бау-бақша егіп жатыр. Дін жолында жүрген жігіттер бірлесіп, бақша еге бастады. Аудан халқының 32 пайызы өзін өзі қамтып отыр. Ресми жұмыссыз жүрген 76 адам бар.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *