Бердібек Сапарбаев судан зардап шеккен отбасыларға пәтер кілттері мен жер құжаттарын табыс етті

Бөлісіңіз

Ақтөбе облысының әкімі бүгін «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданынан 5 отбасыға жалдамалы пәтерлердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды «Тілші». Олардың әрбіріне 300 мың теңге көмекақы және берілді.

Айта кетейік, сәуір айының ортасында Ақтөбеде су тасқынынан жүздеген адам зардап шеккен болатын. 81 үй қирады, 700-ден астам үй зардап шекті.

20170508102146_img_6579
фото: Аймұрат Дәрібай

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бүгін Қурайлы ауылынан 44 отбасыға жер телімін берді. Қала бойынша  бүгін барлығы 65 жер телімі берілді.

Әкімнен бұрын жер учаскелеріне тұрғындар жеткен болатын. Барлығы қуанғаннан бір-бірін құттықтап, кейбірі көз жастарына ерік берді.

Бердібек Сапарбаевтың тұсында судың тасығаны жақсы болған шығар, — дейді зардап шеккен тұрғындардың бірі әзіл-шыны аралас. — Басқа адамның тұсында қиындыққа ұшырасақ, бәлкім мұндай жағдай жасалмайтын да шығар. Құдай қарасып, әрдайым жағдайымызды біліп отырды. Тап бүгін жер береді деп ойламаппыз. Демалыс, мейрам деп алаңсыз жүргенімізде қоңырау шалып, сіздерге жер береді деп шақырды. Әлі сене алмай отырмы.

Қурайлы ауылында бүгін жұмыс қауырт. Мамандар жер телімдерін қоршап, қазықтарын қағып жүр. Көліктер кірпіш, қиыршық тастарды төгіп жатты. Қалалық әкімдік қызметкерлері тұрғындары түгелдеп, кімнің қай жерден үй тұрғызатынын айтып жатты.

20170508_1140191
фото: Асқар Ақтілеу

«Құрметті жерлестер, сіздер осы ауданнан үй сала бересіздер. Жер кепті, құрылыс жұмыстарын бастай беруге болады. Сіздермен қала басшылары, сәулетшілері жұмыс істейтін болады. Ешбіріңіз көмексіз қалмайсыздар. Ақша түсті деп той жасайтын халықпыз ғой. Сондықтан, біз алдымен құрылыс материалдарын жеткізіп береміз. Жұмыс күшін тауып береміз. Дегенмен, сіздер де қарап қалмай, үй сала беру керексіздер. Жергілікті билік әрдайым қастарыңыздан табылады, үйлерді қалай салу керектігіне дейін айтып береді», — деді тұрғындарға облыс басшысы.

20170508_122151
фото: Асқар Ақтілеу

Әкім көлікке мінгенше қаумалаған жұрт оған алғыстарын жаудырып жатты.

Билік өкілдерінің айтуларынша, бүгінде тасқыннан келтген шығын мөлшері есептелді.

Біз әкімге есеп бердік. Алдағы күндері цифрлар жарияланады. Кімге қандай көмек көрсетілетіні осы бастан айтылып жатыр, — деді қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *