Сапарбаев қазақтың тұңғыш астанасы Орынборда дүркіретіп Ақтөбе облысының күндерін өткізді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

img_4814

Шекаралық ынтымақтастық тарихында мұндай шара алғаш қолға алынып отыр, деп хабарлайды «Тілші». Қазіргі таңда Орынбор облысында 120 мың қазақ тұрады. Сондықтан, осы іспетті шаралар жергілікті халық арасында үлкен қызығушылыққа ие (ФОТО: АЙМҰРАТ ДӘРІБАЙ)

img_4820

Айта кетейңк, сәуір айының басында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Ақтөбе және Орынбор облыстарының шекара бойындағы аудандары бірлесіп Наурыз мейрамын атап өтті.

img_4821-1

Осы жолы Ю.Гагарин атындағы алаңда 6 киіз үй тігіліп, этноқалашық ұйымдастырылды. Ақтөбелік ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті (ФОТО: АЙМҰРАТ ДӘРІБАЙ)

img_4872

Бердібек Сапарбаев шекаралас өңірде болған сәтінде балаларға арналған «Солнечная страна» оқыту-сауықтыру орталығының қызметімен танысты.

img_4889

Орталық жыл бойы жұмыс жасайды және жыл сайын 11-18 жас аралығындағы екі мыңға жуық баланы сауықтырады. Бұл жерде бір уақытта 140 адамның демалуына мүмкіндік бар.

img_4881-1

Кешен құрамында тұрғынжай және емделу корпустары, жеке тұрған кішкентай тұрғын үйлер, спорт алаңдары бар. Орталық аумағында атқора, футбол алаңы, жүгіру жолақтары, баскетбол алаңы, жүзу бассейні орналасқан.

img_4907

Бердібек Сапарбаев Орынбор облысының губернаторы Юрий Бергті 115 елден келген 2,5 миллион турист қатысатын ЕХРО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесін көруге шақырды.

img_4807

Бердібек Сапарбаев Орынбор қаласында білім алып жатқан ақтөбелік жастармен кездесті.

img_4800

Орынбор мемлекеттік университетінің студенті Темірлан Өтегенов Бердібек Сапарбаевқа ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан ақтөбелік балаларды қолдағаны үшін алғысын білдірді.

img_4768

Ақтөбе және Орынбор облыстары өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Мұндай келісімге екі шекаралас өңірдің басшылары Орынборда өтіп жатқан Ақтөбе облысының күндері аясында өткен ресми делегациялардың кездесуінде келді.

img_4769

Ақтөбе облысының күндері аясында ресейлік және қазақстандық кәсіпорындарға нарық географиясын кеңейтіп, әлеуметтік серіктестіктер табуға жақсы мүмкіндік туды. Ақтөбе облысының экономикасына шетелдік инвестициялар легін әрі қарай ынталандыру мақсатында «Оренбуржье» СМК-де инвестициялық көрме өтіп, тау-кен ісі, металлургиялық және өңдеу өнеркәсібі, машина құрастыру салалары, ауыл шаруашылығындағы және т.б. келешегі бар жобалар ұсынылды.

img_4765

Айта кетейік, Ақтөбеде әлеуетті инвесторларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін барлық инфрақұрылымы бар индустриялық аймақ құрылған. Бүгінде мұнда құны $24 млн. асатын бес инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, құны $7,5 млн болатын тағы екі жобаны жүзеге асыру үшін алдын ала келісімшарт бар.

img_4927

А.Жұбанов атындағы халықтық аспаптар оркестірінің, камералық оркестрдің, хордың, «Аққу» би ансамблінің, ҚР мәдениет қайраткерлері мен өзге де танымал өнер иелерінің қатысуымен өткен өнер иелері мен шығармашылық ұжымының гала концертін үш мыңнан аса орынборлық тамашалады. Гала концерттің бағдарламасында би, танымал халықтық шығармалар мен заманауи әндер болды.

img_4816 img_4817 img_4825 img_4829 img_4835-1 img_4835 img_4836 img_4837 img_4838 img_4867 img_4886 img_4887 img_4893-1 img_4894-1 img_4911 img_4917 img_4918 img_4765-1 img_4761 img_4805 img_4766 img_4763 img_4760 img_4928-1 img_4926 img_4920 img_4922 img_4921 img_4918-1 img_4914

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.