Бердібек Сапарбаев: «Төтенше жағдайды уақытында ескертпегендер жазаға тартылады»

Бердібек Сапарбаев: «Төтенше жағдайды уақытында ескертпегендер жазаға тартылады»

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар Бердібек Сапарбаевтан өз қызметіне жауапсыз қараған адамдарды қызметінен босату жөнінде ұсыныс айтты, деп хабарлайды «Тілші».

«Дер кезінде хабар бермеген адамдармен бөлек сөйлесемін. Олар міндетті түрде өздерінің жазасын алады. Неге тек СМС жолдайсыңдар? Елдің барлығы таңның атысы күннің батысы телефонда отыра ма не? «, — деді Бердібек Сапарбаев. Тұрғындар да облыс басшысынан жауапты адамдарға шара қолдануын өтінді.

Облыс әкімі әлі ерімеген қар мен мұздың барын айтты.

«Дәл қазір өтірік уәде бере алмаймын.Су қоймлаарына 245 млн текше метр су келіпті. Ал оларды қабылдау үшін қоймаларды босату керек қой. Қазір жағдайды бақылап отырмыз», — деді ол.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.