Ақтөбедегі тұрғын үй жинақ банкінің басшылары баспана бағасының долларға тәуелді еместігін алға тартты

«Мемлекеттік бағдарлама бойынша бағалар тұрақты. Шаршы метрі 140 мың теңге болып бекітілсе, салымшылар сол бағамен есептеседі».

Бұл  туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Ақтөбе облыстық филиалының диреткоры Бауыржан Жуаспаев хабарлады.

Оның айтуынша, банк салымшыларымен келісімшарт жасасқанда тек теңгемен есептесу көрсетіледі. «Бастысы, қазіргі таңда оңай үй алудың жолы тек біздің банкте шот ашу болып отыр», — дейді ол.

Өз кезегінде, Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй қоры есебін жүргізу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, доллар өсіп кеткен жағдайда да тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары үшін баға өзгермейді.

Марат Төлепберген, Tilshi.kz

Мақала ұнаса, бөлісіңіз...
Email this to someoneShare on FacebookShare on Google+Tweet about this on TwitterShare on LinkedInShare on VKPrint this page

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.