Ресейлік оппозиционер Навальный жақтастарын шеруге үндеді

Бөлісіңіз

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный жақтастарын 12 маусым — Ресей күні қарсаңында жемқорлыққа қарсы шеруге шығуға шақырды. Оның сөзінше, билік премьер-министр Дмитрий Медведевтің жемқорлыққа қатысы бар-жоғына жауап бермеген, деп жазады «Азаттық».

Жемқорлықпен күрес қоры биыл наурызда Медведевтің «тіркелмеген жылжымайтын мүліктері» туралы зерттеу жариялаған. 26 наурызда Ресейдің он шақты қаласында жемқорлыққа қарсы шерулер өтіп, ақырында 1500-дей адам ұсталған, Алексей Навальный 15 күнге қамалған.

Дмитрий Медведев жемқорлықпен күрес қорының зерттеуі туралы 4 сәуірде ғана пікір білдіріп, оны «сандырақ» деп атаған. Мемлекеттік дума Медведевтің жемқорлыққа қатысы туралы тексеру жүргізуден бас тартқан.

Ресей ішкі істер министрлігі шерулер кезінде «тіпті қатаң» қимылдап, «бар құралды қолданатынын» мәлімдеген.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *