Қандыағашта аурухана ғимаратында оқып жүрген оқушылар қыркүйек айында жаңа мектептің табалдырығын аттамақ

Қандыағашта аурухана ғимаратында оқып жүрген оқушылар қыркүйек айында жаңа мектептің табалдырығын аттамақ

Бірнеше жылдан бері апатты жағдайда болған №1 Қандыағаш орта мектебінің оқушылары бүгінде жеке меншік аурухананың ғимаратында білім алуға мәжбүр, деп хабарлайды «Тілші».

Мұғалжар ауданының әкімі Ербол Данағұловтың айтуынша, биыл тамыз айында жаңа мектеп ғимаратының құрылысы аяқталады. Оқушылар жаңа оқу жылында бұрынғы мектеп орнында бой көтеріп жатқан білім беру мекемесінің табалдырығын аттайды.

Айта кетейік, жарты ғасырдан астам тарихы бар мектептің кірпіштері құлап, санаулы жыл бұрын ата-аналар аудандық білім бөлімінен көмек сұраған болатын.

600 орындық жаңа ғимараттың құрылысына 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.