Шалқар ауданының бұрынғы әкімі: «Мұғалжар ауданына көмекшімнен басқа ешкімді ертіп әкелмедім»

Шалқар ауданының бұрынғы әкімі: «Мұғалжар ауданына көмекшімнен басқа ешкімді ертіп әкелмедім»

Бұрын Шалқар ауданын басқарған Ербол Данағұлов Мұғалжар ауданына қызмет ауыстырғанда өзімен бірге көмекшісінен басқа ешкімді ертпегенін айтады, деп хабарлайды «Тілші». Бұл туралы ол «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Мұғалжар ауданына әкім болып келген соң 10 шақты ауылдық округ басшысын орнынан алғаным рас. Өйткені, жұмыстарының нәтижесі көңіл көншітпеді. Әрі, он жылдан астам уақыт басқарып келген. Қандыағаш қаласына (Мұғалжар ауданының орталығы — ред.) көмекшімнен басқа ешкімді ертіп әкелмедім. Керісінше, жергілікті кадрлармен жұмыс істеп келемін», — деді ол.

Ербол Данағұлов қызмет бабында облыс басшысы Бердібек Сапарбаевқа еліктейтінін де жасырмады. «Ол кісіге барлығы еліктейді, шенеуніктердің көбісі ұқсағысы келеді», дейді Ербол Данағұлов.

Марат Төлепберген, «Тілші»

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.