АҚШ пен Ұлыбритания университеттерінің түлегі Ақтөбе облысындағы басқармалардың біріне басшылық етеді — TILSHI.KZ

АҚШ пен Ұлыбритания университеттерінің түлегі Ақтөбе облысындағы басқармалардың біріне басшылық етеді

Бөлісіңіз

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен, сонымен бірге Президент жанындағы жоғары аттестациялық комиссиясының қызметті жоғарылату туралы шешімі негізінде Ақтөбе облысының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы қызметіне Смағұлов Олжас Мұхтарұлы тағайындалды, деп хабарлайды «Тілші».

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, СМАҒҰЛОВ ОЛЖАС МҰХТАРҰЛЫ Алматы қаласында туған.

«Америка Интерконтиненталдық университетін, (АҚШ, Лос Анджелес), Помона Калифорниялық мемлекеттік политехникалық университетін, (АҚШ), Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университетін және Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (Лондон, Ұлыбритания) аяқтаған.  Экономика ғылымдарының және мемлекеттік саясат және басқару магистрі», — деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Олжас Смағұлов еңбек жолын 2013 жылы Атырау облысы әкімінің аппараты ақпараттық-талдау және ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған, кейін Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриялық–инновациялық даму басқармасының бас маманы, басқарма басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы болып қызмет жасады.

2015 жылдың қазан айынан бастап Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Осыған дейін облыстыө экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма басшысы Рузия Айдашева басқа қызметке ауысады.

Марат Төлепберген, «Тілші» 

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *