Ақтөбе облысының Алға ауданында химия өнеркәсібі жандануы мүмкін

Ақтөбе облысының Алға ауданында химия өнеркәсібі жандануы мүмкін

Алға ауданындағы химия өнеркәсібінің жандануына Бердібек Сапарбаев қызығушылық танытты, деп хабарлайды «Тілші». Алға ауданы активімен кездесуде облыс басшысы аудан әкімі Мавр Абдуллиннен осы бағытта нендей жұмыстар істеліп жатқанын сұрады.

«Қайда барсам да, Алғаның химия өнеркәсібі туралы сұрақтар алдымнан шығады. Кезінде жақсы өндіріс орны болып еді, қазір жағдайы не болды деген сарында сауалдар қойылады», — деді Бердібек Сапарбаев аудан активімен кездесуде.

«Шетелдік компания өкілдері келді, санаулы күн бұрын келіссөздер жүргіздік. Еуразиялық банк 1 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлуі мүмкін. Жарылғыш заттар шығаратын жобаны жүзеге асырғымыз келеді», — деді Мавр Абдуллин.

Сонымен бірге, егер мемлекеттік бағдарлама аясында екінші жоба қолдау тауып жатса, 1000 адамды жұмыспен қамтитын өндіріс орны ашылады.

«Нитрохим» компаниясы одақтың кезіндегі химия зауытын қайта қалпына келтіреміз деп сөз беріп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов те инвесторлармен кездесті», — деді Алға ауданының әкімі.

Асқар Ақтілеу, «Тілші»

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.