Санкт-Петербургте жарылыс ұйымдастырған болжамды лаңкестің суреті жарияланды

Бөлісіңіз

Санкт-Петербургте жарылыс ұйымдастырған болжамды лаңкестің суреті жарияланды. 3 сәуірде бейнебақылау камералары түсіріп алған кадр жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РЕН ТВ арнасына сілтеме жасап.  Куәгерлердің айтуынша, бұл пойыздың ішінде сөмкесін тастап кеткен ер адам.

Телеарна мәліметінше, ер адам пойыздан шығып, сыртқы қабатқа өтіп емін-еркін метродан кетіп қалған. Осыдан кейін оның қайда кеткені белгісіз.  Метро маңында орналасқан бақылау камерасы жарылыстан кейін болжамды лаңкесті түсіріп алған. Видеоның үзінділерінен оның метродан портфельсіз шыққанын көруге болады. Сонымен қатар, ол телефонға қарап тұр. Өзіне қажетті мәліметті білгеннен кейін ол кетіп қалады. Ер адамды алаңда басқа бір бақылау камерасы түсіріп алған. Онда жарылысқа кінәлі күдікті көшеде бірнеше уақыт бойы тұрған.

фото: Ren.tv
фото: Ren.tv

«Санкт-Петербург метросында жарылыс салдарынан зардап шеккен және қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екенімді жеткізгім келеді. Жиіркенішті зорлық-зомбылық актісі», — деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Санкт-Петербургте метрода болған жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза тапты, зардап шеккендер саны 43-ке жетті.  Жарылыс метроның екі бекетінде болған — «Сенная площадь» және «Технологический институт». Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялап жатыр. Сонымен қатар қазіргі уақытта метро бекеттеріне кіру және шығу жолдары жабылған.

«Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Мен арнайы қызмет өкілдерінің басшыларымен сөйлестім. Федералды қауіпсіздік қызметінің директорымен сөйлестім. Құқық қорғау органдары мен арнайы қызмет өкілдері оқиғаның егжей-тегжейлі зерттеп, дәл бағасын береді. Қала билігі, егер қажет болып жатса федералдық билік қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасына қажетті көмек көрсетеді», — деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу барысында Санкт-Петербург метросында болған жарылыс туралы.

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *