Ақтөбеде ортопедиялық матрас өндірісі жолға қойылды

Ақтөбеде ортопедиялық матрас өндірісі жолға қойылды

Ақтөбеде ортопедиялық матрастар өндірісі жолға қойылды, деп хабарлайды «Тілші». Өндірушілердің айтуынша, Made in Aktobe матрастары шетелдік өнімнен гөрі жоғары сапаға ие.

«АкБрокер» ЖШС өткен жылдың желтоқсанында ашылды, цех іске қосылғаннан кейін штатқа 4 жұмысшы алынды. Жұмысшылар матрас жасау өндірісінің барлық кезеңін орындап отыр. Айта кетелік, бір ортопедиялық матрасты әзірлеу үшін 1 сағат уақыт қажет.

Облыстық кәсіпкерлер палатасынан хабарлағандай, басты ерекшелік – жоғары сапа мен жарамдылық мерзімінің ұзақтығы. Бүгінде кәсіпкерлердің көбі шетелден әкелінетін тауарға бәсекелес бола алатын тауар шығарып, отандық нарықта өз орындарын еншіледі.

«АкБрокер» ЖШС директоры Ержан Хусаиновтың айтуынша, тауар өндірісі тек тапсырыстар бойынша іске асады және өнім  өте сапалы шикізаттан жасалады. Матрастардың ресейлік және украиналық өнімнен гөрі жарамдылық мерзімі ұзақ.  Компания басшылығы болашаққа сеніммен қарайды және ақтөбеліктердің Ақтөбеде жасалған сапалы өнімді бағалайтынына үмітті.

Мұхит Әлжан, «Тілші»

 

  1. назгуль 03.04.2017, 12:30

    Жақсы жаналык екен. Бұл матрацты қай жерде сатып алуға болады

    Reply

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail-ңыз жарияланбайды.