«Ақтөбе ақпарат» орталығында есеп берген Қобда ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет өзі басқарып отырған өңірде діни ахуалдың тұрақты екенін жеткізді. Оның айтуынша, ауданда былтыр өзге ағым жетегінде 9 адам жүрген. Арнайы жұмыстар жүргізіліп, олардың жетеуінің беті бері қарапты.
«Қазіргі таңда екі адам теріс ағымда жүр. Түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Мамыр айына дейін екеуін де дәстүрлі дінге қайтарамыз, — деді Мейрамбек Шермағанбет.
Марат Төлепберген, «Тілші»
фото: islamdag.ru