Гүлмира Бисекешова: «Мемлекеттік қызметті оңай дейтіндер қателеседі»

Бөлісіңіз

Гүлмира Бисекешованың мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 16 жылдан асады. Бұл қызметке ол саналы түрде, әбден ойланып келгенін айтады. Бүгінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы.

Қарапайым отбасыда дүниеге келген. Әкесі зауыттан зейнет демалысына шыққанған. Анасы — педагог.

«Бұл салаға 2004 жылы келдім. Алғашында Ақтөбе қаласы әкімінің аппаратында бас маман болдым. Кейін бірте-бірте қызметте жоғарыладым. Түрлі қызметтерді атқардым. Маған мемлекеттік қызмет ұнайды. Бала кезден армандадым демеймін, бірақ, есейе келе бұл жұмыстың маңызын түсіне бастадым», — дейді Гүлмира Қамысбайқызы «Тілшіге» берген сұхбатында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет ешқашан оңай болған емес.

«Сырткөз біздің жұмысты тек кабинетте отырып, қағаз толтыру деп ойлайды. Сондықтан, қазақы менталитетпен «баламыз мемлекеттік қызметке барсын, әкімдікте жүрсін, тұрақты жалақысы бар» деп ойлайды. Бұл қате түсінік», — дейді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, соңғы жылдары осындай оймен мемлекеттік қызметке келгісі келген жастар аз болмапты. Бірсыпырасы араға бір ай салмай жатып, кетіп қалады. «Біз мүлдем басқаша елестеттік» деп айтып кетеді екен.

Бүгінде мемлекеттік қызмет саласында бірнеше реформа жүзеге асырылды. Осы жылдың өзінде қызметкерлер аттестациядан өтіп жатыр. Онда тек заңдарды білу аздық етеді, өзге сұрақтар да қойылады. Егер, сынақтан өтпесе, қызметпен қош айтысуға тура келеді.

«Әдетте, жүрген жерімде мемлекеттік қызметтің маңызын түсіндіріп жүруге тырысамын. Өйткені, елдегі көп жайт осы саланың дұрыс жұмыс істеуіне байланысты», — деп қорытты ойын Гүлмира Бисекешова.

Марат Төлепберген, «Тілші»

Ұқсас жаңалықтар

2 thoughts on “Гүлмира Бисекешова: «Мемлекеттік қызметті оңай дейтіндер қателеседі»

  1. Сенің еңбек суйгіш жан екеніңді бәріміз білеміз және бағалаймыз. Бұданда жоғары жетістікке жетуіне тілектеспіз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *