Серікжан Еншібайұлы Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы қызметінен кетті

Бөлісіңіз

Осы күнге дейін қалалық мешіттің бас имамы қызметін атқарған Серікжан Еншібайұлы Бас Мүфтидің бұйрығымен Атырау қаласына діни қызметін ауыстырды, деп хабарлайды «Тілші».

Халықаралық Қазақ-Араб Университетінде, Түркиядағы «Хасеки» академиясында және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде білім алып, Мысыр мемлекетінің Каир қаласындағы Әл-Азһар университетінде қосымша білімін жетілдірген білікті имам ендігі уақытта көрші облыста қызмет етеді.

Облыстық мешіттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Ақтөбе қалалық мешітінің имамы қызметіне Амантай Садиев тағайындалып отыр. Ол ұзақ жылдар бойы Атырау облысында мешіттерде қызмет еткен. 2010-2014 жылдары аралығында Атырау облысында өкіл имам болған. Алматы, Ташкент қалаларында және Түркия елінің Маниса қаласында білім алған ол соңғы жиырма жыл ішінде елінің игілігі, діннің дамуына аянбай еңбек етіп келеді.

Мешіт ақсақалдары қазақи дәстүрімізге сай Серікжан Еншібайұлының иығына шапан жауып, баталарын берді.

Марат Төлепберген, «Тілші»

фото: rgmedia.kz

Ұқсас жаңалықтар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *